Басты бет Іс-шаралар Конференциялар Желілік инфрақұрылым, деректер және қауіпсіздік
2026 жылғы маусымда Netsystems компаниясы A10 Networks және NetApp-пен бірлесіп бизнес-кешкі астар сериясын өткізді: 3 маусымда Астанада, 16 маусымда Ташкентте.
Іс-шаралар заманауи корпоративтік инфрақұрылымды дамытуға мүдделі IT-басшылар мен мамандарды біріктірді. Кездесулердің негізгі тақырыптары сервистердің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз ету, корпоративтік желілерді қорғау, деректерді сақтау және басқару, сондай-ақ сенімді әрі қауіпсіз IT-инфрақұрылым құру тәсілдері болды.
A10 Networks және NetApp сарапшылары заманауи технологиялық шешімдерді ұсынып, практикалық кейстермен бөлісті және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ашық пікірталас барысында қонақтар ұйымдардың өз IT-инфрақұрылымын дамыту кезінде кездесетін нақты міндеттерін талқылап, кәсіби тәжірибе алмасты.
Серіктестеріміз A10 Networks пен NetApp-қа ынтымақтастық пен сараптамалық баяндамалар үшін, ал барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және тәжірибе алмасу нәтижелі болғаны үшін алғыс білдіреміз.